Баталов: "Биыл ауыл жолдардын жөндеуге көп көңіл бөлдік"

Dalanews 04 нояб. 2020 06:53 777

Жалпы жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына Алматы облысында 62 млрд. теңге бөлінген.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда Президент жанындағы ОКҚ алаңындағы брифингі барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.

- Жалпы жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына 62 млрд. теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту жол картасының» арқасында біз ауыл ішілік жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлдік. Жөндеу жүріп жатқан 347 елді мекеннің 220-сы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде қамтылып отыр. Соның нәтижесінде жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 84% жетеді, - деді А. Баталов.

Спикердің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Талдықорған - Өскемен», «Үшарал - Достық», «Күрті - Бурылбайтал» және «Ұзынағаш - Отар» республикалық жолдарының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде, бұл транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға ықпал етеді.


https://www.youtube.com/watch?v=N3QXs9PY6aQ&feature=emb_logo

Рекомендовать
Последние новости