БАЛА ОЙЫНМЕН ӨСЕДІ

Dalanews 24 янв. 2015 03:26 1456

 Ойын бала үшін әрі оқу, әрі еңбек. Ол айналадағы дүниені танудың тәсілі. Енді сол бір қарапайым ойынды балабақшадағы оқу –іс әрекетінде заман талабына сай ақпараттық технологиялар арқылы үйрету қаншалықты өзекті?

Ақпараттық-компьютерлік технология мектепке дейінгі балаларды оқыту процесінің айнымас бөлігіне айналып отыр. Бұл әдіс жаңа дәуір балаларымен қатар қазіргі заманның тәрбиеші педагогіне де оң ықпал етеді. Компьютер  балаларға  математиканы ойын түрімен жеткізуде таптырмас жол. Оқу іс-әрекетін интерактивті тақтадағы ойын арқылы  ұйымдастыру  балаларға ғана емес, сонымен қатар педагогке де ыңғайлы. Компьютерлік технология -  балаларды қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыруға және оларды кезекті білім сатысына әзірлеуге көмектесетін жол. Балалардың білім жүйесін жақсы меңгеруін қамтамасыз ету үшін біз осы технологияны пайдалалануды бастадық.

Атап айтсақ, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойындардың арасында «Көршіңді тап», «Үлкен-кіші» деп аталатын ойындар ерекше сұранысқа ие. Баланың математикалық білімін арттыруда  «Сандарды тап» ойынының алатын орны ерекше. Мұнда 3 жастан асқан балаларға 10-ға дейінгі сандарды берілген суретпен сәйкестендіру жүктелген. «Неше?» деп аталатын қарапайым математикалық ойынның мақсаты балаларды заттарды дұрыс санай білуге үйрету.

Дегенмен де, ақпарат кеңістігіндегі жаңалықтарды оқу іс-әрекетіне енгізу заманауи технологиялар тұрғысынан тиімді болса да,  ел ертеңіне айналар тұлға тәрбиесінде педагог пен бала арасындағы жанды қарым-қатынас, жанды байланыстың орнын алмастырмайды және алмастыруға тиісті емес.

Ж. Садықова


№6 «Алданыш» балабақшасының тәрбиешісі,


Қарағанды қаласы


Рекомендовать
Последние новости