Шымкент, автобус және сауда

Dalanews 24 янв. 2015 03:06 1131

E8558-Almaty-Sayran-Bus-TerminalЕлімізде қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалдау әр аймақта табиғи түрде дамып, табыстың көзіне айналған. Бұған Алматыдағы «Сайран» автобекетіне барғанда көзіңіз жете түседі. Шымкент пен Таразға баратын үлкен автобустар автобекеттің айналасында иін-тіресіп тұрғаны. Автобекетті ауыл мен қаланы байланыстырып тұрған торап дерсің. Соңғы уақыттары жолаушыларды тасып, нанын айырып жүрген кәсіпкерлердің соңына түсушілер көбейіп кетті.

Оңтүстікке жиі сапарлайтын жолаушылар пойызға мініп, ырғатылып-жырғатылып жүргеннен гөрі, автобуспен түнімен жүріп, діттеген жеріне таң ата топ ете қалғанды жөн санайды. Өкінішке орай, кейбір атқамінерлер қарапайым халықтың осы бір қуанышын көп көргендей. Бүгінде «Сайранға» оңтүстік өңірден келген автобустардың бәрі еркін кіре алмайды. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің біразы Қаскелең жақтағы «Барлық» базарына аялдаса, қалғаны «Сайранның» маңайына тоқтап, қайтарға адам жинайды. Екі арада зымыраған автобустар бірнеше рет жол апатына ұшырап, адамдар мерт болғанын білеміз. Әрине, қауіпсіздік мәселесі қашанда бірінші орында тұруы тиіс. Сондықтан бұл мәселені жол полициясы реттеуі керек еді. Жол сақшылары «автобус жүргізушілері ішімдік ішіп алып, көлік жүргізеді» деп ақталудан әріге асқан емес. Болмаса сақшыларымыз «қоғамдық көліктер түнде жүргенде жүргізушілер қалғып кетіп, жол-көлік оқиғалары орын алуда» деп мәселені жылы жауып қоя салады. Иә, екі араға қатынайтын көліктердің көпшілігі түнде жүретіні жасырын емес. Неліктен? Мұның астарына ешкім үңілмеген. Оның өзіндік сыры бар. Автобусты тізгіндеп жүрген жүргізушілерден сыр тартқанымызда, олар: «Автобусты күндіз жүргізген бізге де жақсы ғой. Бірақ күндіз жолға шықсаң, жол бойын торуылдаған жол сақшылары жиі тоқтатып, мазаңды алады. Сондықтан Шымкент пен Тараз арасына қатынайтын жолаушы көліктері түнде жүргенді жөн санайды», – деп көкейде жүрген ойларын жасырмай айтты. Бұл ащы да болса, шындық. Күндіз қаладан ұзап шықсаңыз жол бойындағы ағаштың қалқасына көліктерін жасырған жол полициясын көресіз. Олар жүк көліктері мен автобустар жол тәртібін бұзбаса да себепсіз тоқтатып, тексерудің астына алады. Ал тексерген адамның бір кінәрат табатыны сөзісіз. Бұдан кейін жүргізушінің қалтасы қағылатынын біз айтпасақта сезіп отырған шығарсыз.
Шымкентте сауда-саттықпен айналысатын шағын кәсіпкерлердің бәрі тауарларын автобуспен тасымалдағанды жөн санайды. Тасымал құны арзан. Егер сол тең-тең жүгіңізді пойызбен жеткізсеңіз, Қазақстан темір жолы тасымалдау құнын тым қымбат сұрайды. Олардың автобуспен тасымалдауы өздеріне де, халыққа да тиімді. Міне, соның арқасында Оңтүстік өңірде арзаншылық. Қазір аталған аймақтың ауылды жерлерінде тұратын жастардың көпшілігі Алматыға келіп, жұмыс істеп, ақша тауып жүр. Олар ай сайын тапқан 100-150 мың теңгесін осы автобус жүргізушілері арқылы ауылдарына жолдайтынын талай рет көрдім. Жүргізушілеріне 500 теңге берсе болғаны. Ал егер 100 мың теңгені банк арқылы аударсаңыз, қаржы институттары қызмет ақысын бұлдап 2-3 мың теңгені қағып алады. Осындай жайттарды ескеретін болсақ, екі арадағы автобустар тек жолаушы тасымалымен ғана емес, өзге де маңызды міндеттерді мойнына алып отырғанын байқайсың.

Таяуда бір танысым Шымкент пен Алматының арасында қатынайтын автобустарды қаралап көрсеткен телеарнаға деген өкпесі қара қазандай екенін айтты.

– Жол сақшыларының автобустардың соңына шырақ алып түсуін түсінемін. Өйткені олардың көздеген мақсаты бар. Ал телеарна журналистерінің қоғамдық көліктерді қаралап, арнайы репортаж беруі маған ұнаған жоқ. Репортаж жасайтын тақырып жоқ па? Олар журналисттік зерттеулерінде автобустар сырттан еңбек мигранттарын тасымалдайды деп сөге-жамандады. Елімізде келімсектер қаптаса, бұған көші-қон полициясы мен шекарада тұрған кеденшілер кінәлі. Дәл осыған автобустарды кінәлау қисынсыз. Басқа өңірлермен салыстырғанда Шымкент пен Таразда күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы айтарлықтай арзан екенін барша халық біледі. Бұл үшін біздер жүк көліктері мен автобустарға рахмет айтуымыз керек. Шымкентте сауда-саттықпен айналысатын шағын кәсіпкерлердің бәрі тауарларын автобуспен тасымалдағанды жөн санайды. Тасымал құны арзан. Егер сол тең-тең жүгіңізді пойызбен жеткізсеңіз, Қазақстан темір жолы тасымалдау құнын тым қымбат сұрайды. Олардың автобуспен тасымалдауы өздеріне де, халыққа да тиімді. Міне, соның арқасында Оңтүстік өңірде арзаншылық. Қазір аталған аймақтың ауылды жерлерінде тұратын жастардың көпшілігі Алматыға келіп, жұмыс істеп, ақша тауып жүр. Олар ай сайын тапқан 100-150 мың теңгесін осы автобус жүргізушілері арқылы ауылдарына жолдайтынын талай рет көрдім. Жүргізушілеріне 500 теңге берсе болғаны. Ал егер 100 мың теңгені банк арқылы аударсаңыз, қаржы институттары қызмет ақысын бұлдап 2-3 мың теңгені қағып алады. Осындай жайттарды ескеретін болсақ, екі арадағы автобустар тек жолаушы тасымалымен ғана емес, өзге де маңызды міндеттерді мойнына алып отырғанын байқайсың, – деп танысым көкейге тұнған ойын жайып салды. Расында да екі араға қатынап жүрген автобустарды қыспаққа алып, абырой таппасымыз анық. Жекелеген біреулер өз мүддесін күйттеп, полиция мен журналистердің қолымен от көсеуі мүмкін. Сондықтан біздер әр мәселеге елдік мүдде тұрғысынан қарап, бағамдауды үйренуіміз керек.

Нұрлан ЖҰМАХАН      


 

 

Рекомендовать
Последние новости