Бағаны көтеру Қазақстанның экспорттық әлеуетіне үлкен соққы болады

Dalanews 16 июн. 2020 08:08 889

Айта кетелік бұдан бұрын Қазақстан темір жолы басшылығы Үкіметке бірнеше өтініш жолдап, соның ішінде біріздендірілген тарифті белгілеу қағидасына қатысты ойын білдірген еді.




Аталған талап соның ішінде жүк тасымалына, ЕАЭО елдерінің арасындағы транзитке де қатысты. Нақтырақ айтсақ қазірде ішкі және экспорттық жеке тарифтердің орнына Еуразиялық одақ аясында жүк тасымалдауға біріздендірілген тариф белгіленген.

Одақ сотының Жоғары алқасының түсіндіруінше біріздендірудің мәні мынада: мүше мемлекеттер келісімге келе отырып, теміржол тасымалы саласындағы қолдампаздықтан ерікті түрде бас тартты,

Біріздендірілген тарифті әрбір ел өз бетінше, бірақ белгілі бір  шектеулердің шеңберінде белгілейді.

Сол біріздендірілген тариф ҚТЖ-нің көңілінен шықпай отыр.

ҚТЖ былай дейді...


Біріншіден, «біріздендірілген тарифтің шекті деңгейін бекіту бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетіне арналған негіздер тізбесін кеңейтуді» сұрады.

Екіншіден, ең бастысы — біріздендірілген тарифті барлық бағыттар бойынша транзиттік деңгейге дейін арттыру

Транзиттік тариф айтарлықтай жоғары. Оны Өзбекстан ЕАЭО-ға кіргенге дейін,  тез арада жүргізу керек. Өйткені біздің аумақтан, соның ішінде теміржол арқылы көп көлемде өзбек жүктері тасымалданады.

Техникалық тұрғыдан бұл арттыру/төмендету коэффициенттерін енгізу секілді көрінуі керек.

Дәлел ретінде ресейліктерге сілтеме жасайды. Мысалы, «Ресей теміржолдары» тарифке РФ порт маңындағы станциялар мен құрлықтағы шекара өткелдері арқылы экспорттық тасымалдардың үстемесін де қосқан.

Бұдан басқа, РТЖ жүктерді тасымалдауға арналған біріздендірілген тарифтің деңгейін өз бетімен (белгіленген баға шектері шеңберінде болса да) өзгертуге құқылы. Олар өздерінің жүк жөнелтушілерінің мүддесіне қарай түрлі коэффициенттер белгілеп, біріздендірілген тарифті өз пайдасына асырады.

Алайда, Ресей компаниясының мұндай әрекеттері Достастықтың құжаттарына қайшы келеді. Егер  біздің бизнесіміз де осындай қадамдарға барса, ол да келісімді бұзушыға айналады.


Атап айтқанда, теміржол көлігі қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібінің 8-тармағында мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде қатынас түрлері бойынша (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік тарифтер) кез келген коэффициентсіз біріздендірілген тарифтер қолданылады деп айтылған.

Тариф екі есе көтерілуі мүмкін


Өз коэффициенттерін енгізу кезінде ресейліктер жүк жөнелтушілердің мүдделерін басшылыққа алғанын түсіну керек.

Мысалы, Ресейің Кемерово облысындағы Кузбасс көмірін өндірушілердің жүгін тасымалдау кезінде төмендетілген коэффициент қолданылады, ал Қазақстаннан көміріне мұндай жеңілдік жасалмайды.

Ал өз аумағында басқаларына зиян келтіре отырып, бір қатысушыны қолдау ЕАЭО туралы шарттың ережелеріне қайшы келеді.

Яғни Қазақстанда осындай тәжірибені қайталау туралы өтініш Одақтың негізгі мақсаты – тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыру талабына қайшы келеді.


Егер көлік қызметтерін алатын болсақ, ортақ нарықты қалыптастыруға біріздендірілген тарифтер негіз болды.

Бұл қағиданы бұзу қазақстандық өндірушіге қалай әсер етеді?


Біріншіден барлық бағыт бойынша тасымалдау шығыны өседі. Тіпті бірнеше есеге өседі. Мысалы, алдын ала жасалған бағалау бойынша көмір мен темір кені шикізатын тасымалдаудың тарифтері 1,7-2 есеге (тіпті әлеуетті жеңілдікті ескере отырып) көтерілуі мүмкін.

Егер Ресейлік тарап коэффициентті көтерсе, бұл біздің экспорттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне үлкен соққы болады.


РТЖ Қазақстанда  біріздендірілген тарифтер ең төменгі деңгейде деген тағы бір дәлел келтіреді. Бірақ бұл қате пікір. Орташа есеппен біздің еліміз бен Ресейдегі біріздендірілген тарифтер сәйкес деңгейде.

Міндеттерді орындаудан бас тартуға болмайды

Жоғары айтылғандардан келесідей қорытынды шығаруға болады.

  • ЕАЭО туралы шартқа сәйкес жүк тасымалы кезінде теміржол қатынасы түрлері бойынша біріздендірілген тарифтерді қолдану — мемлекеттердің міндеті.

  • Сараланған (жоғары) тарифтерді енгізу ЕАЭО туралы шарттың теміржол көлігі саласындағы міндеттемелеріне қайшы келеді.

  • Қазақстанда жүк тасымалдау тарифтерін реттеу РФ-мен салыстырғанда икемдірек деуге болады.

  • Тұтынушының (тұтынушылар тобының) одаққа мүше мемлекеттердің кез келгеніне тиесілігі  қағидаты бойынша саралауға тыйым салынады.


РТЖ ұсынған тарифтік саясат ЕАЭО туралы шартқа тікелей қайшы келеді. Сондай-ақ бұл бірқатар отандық кәсіпорындарға айтарлықтай соққы болады.

РТЖ соңынан нормалар мен келісімдердің бұзудың орнына, осындай келісімді бұзу әрекеттерін болдырмауға және олардың қолданылмауына қол жеткізу керек.

Роллан МҰҚАМЕТҚАЛИ


Рекомендовать
Последние новости