Әйтімованың қалай "сайланғанын" білесіз бе?

Dalanews 26 апр. 2017 16:23 877

Сенатор Бірғаным Әйтімова "депутаттардың санасын жаңғырту керек пе?" деген журналистер сауалына ренжіп қалғаны есіңізде болар.

Ренжігені өз алдына: "Депутаттарға сын айтқанға шеберсіздер, онда мен сіздерге бір сауал қояйын: Оларды кім сайлады? Сайлаушылар сайлады емес пе?" деп қойып қалған.

Заңгер Жохар Өтебеков Әйтімованың қалай "сайланғанын" айтып беріпті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Мен сіздерге мынаны айтайын. Дәл осы Әйтімованы ешкім сайлаған жоқ.  
Ата заң бойынша бізде 47 сенатор бар. Соның 15-ін тікелей Назарбаев тағайындаған. Әлгі Әйтімова президент тағайындаған сенаторлардың сапында. Ол сайланған емес, тағайындалған адам. 

Өзге сенаторларды да халық сайлады дегенге сене қою қиын. Оларды АП-дан (Президент әкімшілігі) іріктейді,  сүзгіден өткізеді. Бұл сіз бен бізге айтылмайтын құпия.   


Мәжіліс мүшелерін де біз сайлаған жоқпыз, белгілісі. Бұлардың барлығы партиялық тізім бойынша алдын-ала таңдалып алынғандар, бекітіліп қойғандар. Біздің даусымыз олардың Мәжіліске барар-бармасына әсер етеді деп ойласаңыз, ендеше сіз әлемдегі ең аңқау адамсыз.  

Мұнысы өз алдына төменгі палатада анығында, Қазақстанға түк қатысы жоқ, Ассамблея сапынан іріктелген алынған, не тындырып отырғаны белгісіз тағы бір топ бар. Мұндай Мәжіліс әлемнің өзін-өзін сыйлайтын бірде-бір елінде жоқ. Мұндай депутаттар бізді дамытпайды, керісінше құрдымға кетіреді. 

Қысқасы, сол. Олардың сөзі үшін біз қызармай-ақ қоялық. Бәрібір ұқпайды. Белгілісі, біз олардың бірде-біреуін сайлаған да, таңдаған да жоқпыз. 


Аударған, Думан БЫҚАЙ 





 


Рекомендовать
Последние новости