Әйтенов: "Үш ауысымды мектеп? Бұл мәселені үш жылдың ішінде шешеміз"

Dalanews 24 февр. 2021 08:02 822

Шымкентте 14 үш ауысымды, 1 апатты мектеп бар. 13 шағын ауданда мектеп жоқ. Халық санының өсіміне орай мектеп оқушыларының саны былтыр бір жылда 20 889 балаға көбейген. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов білім саласының инфрақұрылымын шешу үшін былтыр 5 жылға жоспар дайындалып, сол бойынша жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.

2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылады, оның 33-і мемлекет есебінен, 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, 40 мектепті жеке инвесторлар салады. Оның ішінде биыл 32 мектептің құрылысы басталады. Алдағы үш жылда Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешіледі.



Білім саласындағы тағы бір үлкен мәселе – қосымша біліммен қамту. Қала оқушыларының 16 пайызы қосымша біліммен қамтылған. Бұл тұрғыда шаһар басшысы бұрынғы Фосфоршылар сарайын Жастар сарайына айналдырып, жаңадан заманауи Оқушылар сарайының құрылысын бастауды көздеп отырғанын айтты.

2025 жылға дейін қосымша біліммен қамту 55 пайызды құрамақ.

Рекомендовать
Последние новости