Әйелдер мен ерлердің еңбек нарығындағы тең мүмкіндіктеріне қатысты форум өтті

Dalanews 06 мар. 2022 02:25 980

Елордада «Bolashaq Women's Empowerment Forum» тәжірибе алмасу, ақпарат алу және әйелдер өміріндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да салалардағы өзекті сұрақтар мен мәселелерді талқылауға арналған пікірталас алаңы өтті. Шараға 200-ден астам «Болашақ» бағдарламасының түлектері, Президент жастар кадрлық резервінің мүшелері, еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді нәзік жандар қатысты.

Форумды "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы, М.С.Нәрікбаев атындағы КазМЗУ Университеті, KAZGUU Business School бірлесе ұйымдастырды. Форумда әйелдер мен ерлер үшін еңбек нарығындағы тең мүмкіндіктер, жалақы, әлемдік трендтер және гендерлік теңгерім мәселелері талқыланды. Талқылау форматында еліміздегі әйелдердің әлеуетін тең дәрежеде пайдалану мәселесі көтерілді.

Форум соңында шара модераторы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов елімізде әйелдер көшбасшылығын ілгерілетудің және әйелдердің әлеуетін пайдаланудың маңыздылығына тоқталды: «Бұл бағыттағы мемлекеттік саясат белсенді, бірақ біз әйелдерге тең жағдай жасау мақсаттарына жету үшін бұдан да көп күш салуды жоспарлап отырмыз. Біз бүгін сыни сұрақтарды көтердік, бірақ нәтижелі болу үшін оларға нақты жауаптар әзірлеу керек. Яғни, бұл мемлекеттік саясатқа өтетін жауаптар болу керек».

Рекомендовать
Последние новости