Айдос Сарым: "Қайсар Жанахановты кәсіби маман ретінде жоғары бағалаймын"

Dalanews 05 янв. 2019 05:29 782

Саясаттанушы Айдос Сарым Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Қайсар Жанахановтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. 

"Ол қазіргі медиа нарықты бүге-шігесіне дейін білетін білікті басшы, кәсіби маманның бірі. Қайсармен ұзақ жылдан бері таныспын. Кезінде бір департаментте жұмыс істедік. Оны ел үшін еңбек еткен өз ісінің үздігі ретінде жоғары бағалаймын", – дейді Сарым.

Саясаттанушы тергеу жұмыстары Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы үшін оң аяқталарына сенімді.

"Тергеу жұмыстары аталған істің анық-қанығын анықтай жатар. Ақыр соңында Қайсар өзін ақтап шығып, адам ретінде, маман ретінде өз әлеуетін толықтай танытатын мүмкіндікке ие болады, – дейді Сарым.

Астана қаласы жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының хабарлауынша Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Қайсар Жанаханов 1,9 теңге көлемінде пара алған деп күдіктеліп отыр. Дәл қазір ол үй қамақта.

Рекомендовать
Последние новости