"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан топтың бұрынғы әншісі, танымал жұлдыз Мұқасан Шахзадаевтан оңбай таяу жегенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz
Жан Ахмадиевке ауруханада тұрып сұқбат берген "Нұр-Мұқасанның" әншісі Ғалымжан көкала қойдай болған түрін көрсетті. Оның айтуынша, даудың бәрі топ орындаған әннен шыққан. 
Мәселені шешу үшін Ғалымжан есімді әнші Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда соққыға жығылған. Полиция Мұқасанды емес мені алып кетті дейді. Ал қазір "Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп "жуан жұдырықты" әншіні жауапқа тартқысы келеді.
