Аягөзде жаңа туған сәбилерге ұлттық киім тарту етілді

Dalanews 19 мар. 2021 17:39 814

Аягөз аудандық ауданаралық ауруханасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер сыйға берілді. Сондай-ақ, жас аналарға құнары жоғары Наурыз көже таратылды. Бұл ерекше шараға аурухана әкімшілігі себепкер болып отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық киімдер дүниеге келген 5 сәбидің ауруханадан шығу рәсіміне орай табысталды.

– Екінші баламды осы Аягөз аудандық орталық ауруханасында дүиеге әкелдім. Бүгін перзентханадан шығу кезінде дәрігерлердің өздері ұлттық киім киіп, балаларымызға да қазақтың ұлттық нақышта безендірілген киімдерін сыйға тартты. Ерекше әсер алып, өте қуанып қалдық, – дейді  Үржар ауданынан келген ана Сарсенғали Саяжан.

Айта кету керек, ауданда ұлттық салтымыз мен дәстүрімізді дәріптеуге арналған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сәбилерге арналған ұлттық киімдерді сыйға тарту кезінде барлық санитарлық талаптар сақталды.

Рекомендовать
Последние новости