Ахметов Өскеменнің ауасын тазартудың жолын тапты

Dalanews 23 нояб. 2019 09:04 859

Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық ахуалды реттеу үшін арнайы бағдарлама әзірленді. 

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Даниал Ахметов айтты. 

"Өңірдегі экологиялық мәселелердің біразы – өндірістегі ескі технологиямен байланысты. Бұл сылтау емес. Облыстағы өндіріс орындарының жұмыс процесі өткен ғасырдың технологиясын талғажау етіп отыр. Соның салдарын көріп отырмыз. 

Ал енді бұл ескіні бұзып, орнына жаңа технология орнатуға бола ма? Әбден болады. Дәл қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз. Президент тапсырма беріп, соған сай бағдарлама әзірленді. 

Бұл жоба қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жатыр", – деді Ахметов. 

Оның айтуынша соңғы жылдары өңірде экологиялық мәселелерді шешуге барынша көңіл бөлінуде. Осы мақсатқа соңғы 5 жылда 27 млрд теңге бөлініпті. 

"Мұның 12 млрд-ын ҚазМырыш, 4 млрд-ын Көміс-электр стансалары берді. Неге қол жеткіздік? Соңғы 4-5 жылда ауаға тасталатын қалдық көрсеткішін азайттық. Шығыстың экологиялық мәселесін шешетін бағдарлама сапалы жасалған. Ол туралы кеңірек айтпай тұра тұрайын. Министрліктің сараптамасы келгеннен кейін толыққанды жауабын беремін", - деді ол.

 

Рекомендовать
Последние новости