Ауыл тұрғындарына “тауар несиесін” беру мәселесін қарастыру қажет - Тоқаев

Қаракөз Амантай 02 сент. 2024 12:04 2858

Мемлекет басшысы былтыр басталған “Ауыл аманаты” жобасының нәтижесіне “жақсы” деген баға берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни “тауар несиесін” беру мәселесін қарастыру қажет. Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет.

Осындай жоба "Amanat" партиясының бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында жүзеге асырылды. Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруы керек. Жалпы отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті. Ал олардың, яғни бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналуға тиіс. Демек ондай әрекетке жол бергендер тиісті жазасын алады. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Ал кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керек", - деді Президент.


Рекомендовать
Последние новости