Атырау түтінге тұншығуда: өрт сөндіруге 300 тоннаға жуық су төгілді

Ақтоты Жапатова 20 июн. 2025 11:15

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыс өртімен күрес жалғасуда. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін ТЖМ авиациясы 20 мәрте су төккен,- деп хабарлайды Dalanews.kz

«Жануды жою жұмыстары басталғаннан бері тікұшақ техникасы 96 рет жалпы көлемі 288 тоннадан астам су төкті», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылғы 13 маусымда сағат 13:50-де Еркінқала ауылынан 15 шақырым жердегі «Ақжайық» резерваты аумағында қамыстың жануы тіркелген болатын.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, елді мекендерге қауіп жоқ. Алайда қала тұрғындарының айтуынша, түтінге тұншығып, бас ауырып, жүрек айнып, әлсіздік пайда болған. Әсіресе балалар мен тыныс алу жолдары сырқат адамдарға бұл жағдай ауыр соғып жатыр.

Жағдайдың ушығуы халық арасында ашу-ызаны күшейтіп, әлеуметтік желілерде төтенше жағдай режимін жариялауды және әкімнің отставкасын талап еткен жазбалар күрт көбейді. Алайда жергілікті билік әзірге үнсіз. 


Рекомендовать
Последние новости