Сәтбаевта жүргізуші баланы қағып өлтірген: жол апатынан кейін әкімнің орынбасары жазаланды

Көркем Алдабергенова 19 июн. 2025 14:36

Ұлытау облысының полиция департаменті Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары жаяу жүргіншілер өткелінде болған бала өліміне байланысты жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жол жұмыстарын жүргізу талаптарын орындамағаны, нақты айтқанда, тиісті жол таңбасының болмағаны үшін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды. Бұған дейін жергілікті атқарушы органға жаяу жүргіншілер өткеліне жол белгісін сызу туралы нұсқама жолданған болатын", – делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Қайғылы оқиға

16 маусым күні Сәтбаев қаласында жаяу жүргіншілер жолағында жеңіл көлік жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді полиция өкілдері. Қазіргі таңда істі облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости