Асхат Оралов солтүстікқазақстандық аграрларды референдумға белсенді қатысуға шақырды

Dalanews 25 мая 2022 16:11 889

Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті аграрлармен, зиялы қауым өкілдерімен, БПҰ төрағаларымен және партия активімен бірқатар кездесу өткізді.

Асхат Оралов Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Полудинское ауылындағы сүт-тауар фермасының алаңында облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, алдағы конституциялық реформаның маңызын талқылады.

«Конституциялық реформа – «Жаңа Қазақстанды» құрудың нақты механизмі.  Ата Заңымызда жер халықтың меншігі деп көрсетіледі. Бұл – өте маңызды қадам. Солтүстік Қазақстан облысында халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан 5 маусым  күні өтетін референдумға облыс тұрғындары белсене қатысады деген ойдамыз», деді  «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы.

Өз кезегінде, осындағы шаруа қожалықтары бірінің басшысы Алтынбек Сапаров тұрғындар ел дамуындағы жаңа кезеңді референдуммен байланыстыратынын атап өтті.

«Халық болып жатқан өзгерістерді көріп отыр және Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, елімізді дамыту үшін Конституцияға қажетті өзгерістер енгізуді қолдауға дайын», деді Алтынбек Сапаров.



Бұдан соң Атқарушы хатшы өңірдің зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен жүздесті. Кездесуге қатысушылар Ата Заңға түзетулер енгізуге қатысты жалпыхалықтық дауыс беру «Жаңа Қазақстанды» құруда негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар, Асхат Оралов бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен де кездесті. Ол партияның қозғаушы күші – БПҰ-ның базасында жалпыұлттық референдумның мәні туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.

Осы күні өңірдің партия активімен кездесу өтті. Бүгінгі таңда облыста құрамына 28 мыңнан астам партия мүшесі кіретін 246 БПҰ бар.

Рекомендовать
Последние новости