Астананың Байқоңыр ауданында есірткіні жарнамалайтын граффиттер өшірді

Жарбол Кентұлы 24 июн. 2024 09:30 1314

Астанада есірткіге қарсы кезекті акция ұйымдастырылып, шара барысында полицейлер мен еріктілер Байқоңыр ауданында есірткі жарнамасы бар граффиттерді өшірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияға Байқоңыр ауданы әкімдігінің, жергілікті полиция қызметі басқармасының, қаланың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.

Байқоңыр ауданында Тәшенов көшесі, 4/1 мекенжайындағы заңсыз жарнаманы бояу бойынша кезекті акция өтті.

– Биыл біз аудан көлемінде екінші акцияны өткізіп отырмыз. Бірінші іс-шара Бараев көшесінде өтті, онда біз есірткі заттарының жарнамасын жойған болатынбыз. Алдағы уақытта да заңсыз жарнаманы анықтап, оларды жою іс-шаралар ұдай өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Байқоңыр ауданының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлдана Қазбекова.

Акция нашақорлықтың таралуын болдырмауға және есірткіге тәуелді жастардың санын азайтуға бағытталған.

– Есірткі жарнамасын бояу тұрақты негізде жүзеге асырылады. Осындай акциялардың арқасында халықтың назарын есірткі мәселесіне аударып, сайттар арқылы есірткінің таралуына жол бермеуді барынша насихаттаймыз. Балалар психоактивті заттарды сататын дүкендерді жарнамалайтын граффити-суреттерді бояу жұмысын жүргізеді. Бұл профилактикалық жұмыстар өскелең ұрпақ арасында есірткіні қолдану фактілерін азайтуға барынша ықпал етеді, – деді елордалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильинин.

Есірткі заттарының жарнамасын жою бойынша акциялар елорданың барлық ауданында өтеді және осы жылдың қараша айына дейін жалғасады.


Рекомендовать
Последние новости