Киевте Садықовқа шабуыл жасаған күдікті ұсталды - Бас прокуратура

Қаракөз Амантай 22 июн. 2024 11:49 5357

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратурамен ағымдағы жылдың 18 маусымында Киев қаласында орын алған А. Садықовты өлтіруге оқталу дерегі боынша қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Украинаның құқыққорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады.

Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жаканбаев пен Каратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады.

Ағымдағы жылдың 21 маусымында А.М. Жаканбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды.

М. Каратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Тергеудің мүддесіне орай басқа ақпарат жарияланбайды.


Рекомендовать
Последние новости