Су тасқыны кезінде бөгеттер салуға белсене қатысқан экскаваторшы Президенттің марапатына ие болды

Жарбол Кентұлы 19 июн. 2024 15:40 2662

Бүгін Мелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өз сөзінде Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты.

– Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар аударды. Құтқару операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Су тасқыны кезінде экскаватор жүргізіп, қорған-бөгет салуға белсене қатысқан Петр Марковтың да еңбегі бағаланып, Президент қолынан марапат алды. Тәжірибелі экскаваторшы су тасқыны кезінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысып, жасанды жағалаулар салуға, инертті материалды дайындауға және тиеуге тәулік бойына атсалысқан.

Осылайша қиын кезеңде Петр Марков өзін жауапкершілікті және парасатты азамат ретінде көрсетіп, су өткізгіш құрылыстарда айналма арналарды жасауға көмектесті.

Нақтырақ айтсақ, Петр Марков жеке секторды және өмірлік маңызы бар нысандарды су басып қалмау үшін жоғары кәсіби дағдыларын жан-жақты пайдаланып, республикалық маңызы бар А-16 «Петропавл-Жезқазған» жол төсемін ашу жұмыстарын жүргізген.


Рекомендовать
Последние новости