Түркістан облысында екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 21 июн. 2024 10:48 3504

20 маусымда Түркістан облыстық соты екі баласын тұншықтырып өлтірген Қызылордалық анаға үкім шығарды,деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Otyrar порталының ақпараты бойынша, сотталған адам орта режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

"Істі алқабилер бірнеше ай бойы қарады. Бұл процесті журналистерге сотталушы мен алқабилерді көрсетпеу шартымен жариялауға рұқсат етілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталғаны хабарланған еді.

Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда, - деді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.


Рекомендовать
Последние новости