Астанада санаулы минуттардан кейін экс министр Бишімбаевтың соты басталады

Көркем Алдабергенова 11 мар. 2024 14:49 3152

Санаулы уақыттардан кейін экс министр Қуандық Бишімбаевтың соты басталады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысы Астанада өтеді. Алайда бірнеше БАҚ сот залына журналистер кіре алмай жатқанын хабарлады. 

Резонансты іс туралы жария етуге кемінде 80 журналист келген. Сот отырысы ашық режимде өтеді. Бүгін алдын ала тыңдау өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

"Біздің елде цензураға тыйым салынады, ал медиа ойыншылар көбіне "тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Біз жақында журналистік этикаға арналған дөңгелек үстел өткіздік және сол жерде журналистің этикасы өз-өзін қадағалау шегінде болуы керек деген қорытындыға келдік.

Бүгінде көріп отырғанымыздай, өзін-өзі қадағалау деген нәрсе көбіне жұмыс істемейді, әсіресе, ойыншыларды "қызықтыруға" болатын кезде.

Біз механизмдерді түсінеміз және Бишімбаев ісінде бүгін болып жатқан медиа науқанның қалпын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, теріс мүддені басшылыққа ала отырып, барлық қабылданған жалпыадамзаттық нормалар мен қағидаларға қайшы, өтірік әрі қоғамдық сананы манипуляциялаумен айналысатын адамдар қоғамнан шеттетіледі. Өйткені қоғам ақымақ емес.

Мен әрқашан кәсіби журналистер қауымдастығын бағалау керек деп айтатынмын. Олар - ойлы, ақылды және күшті адамдар", - деді министр Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.


Рекомендовать
Последние новости