Алматыда жер сілкінісінен кейін мыңнан аса адам көмек сұраған

Көркем Алдабергенова 04 мар. 2024 14:24 2597

Алматыда жер сілкінісінен кейін халықты қабылдау пункттеріне 1132 қоңырау түскен, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сағат 14:00-тегі жағдай бойынша, халықты қабылдау пункттерінде 1132 адам жүгінген.

Алматыдағы аудан әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу пункттерінде жүр.

Айта кетейік, бүгін сағат 11.22-де Алматыда 5 балл жер сілкінісі болды. Сол себепті алматылықтарға сағат 16.00-ге дейін қауіпсіз жерлерде болу керегі ескертілді. 


Рекомендовать
Последние новости