Астанада Орталық саябақтың жолына жөндеу жүргізіледі

Ақтоты Жапатова 21 мая 2025 16:40

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орталық саябақтың ішіндегі жолға орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

"22-23 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет", - делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.


Рекомендовать
Последние новости