Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр

Жарбол Кентұлы 14 апр. 2025 10:19 290

Бүгін «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Астана әуежайында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза – терроризмге қарсы-2025» атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген.

Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек.

 


Рекомендовать
Последние новости