Астана - Щучинск тасжолында 95 көлік жол апатына түсті

Көркем Алдабергенова 03 янв. 2025 16:11 6031

Астана маңындағы тасжолда 95 автокөлік соқтығысты. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлім етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

3 қаңтарда сағат 07:20-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Петропавл" автожолының (18-232 шақырым) учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Ауа райы жақсарғаннан кейін және жол тазартылған соң, сағат 12:30-да Щучинск қаласы бағытына қозғалыс полиция департаменті қызметкерлері мен "ҚазАвтоЖол" арнайы техникамен ұйымдастырылды.

Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамауынан сағат 13:28-де жолдың 153-шақырымында, Жанаталап ауылы маңында шамамен 95 көлік жаппай жол апатына түскен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен "ҚазАвтоЖол" мамандары жұмыс істеп жатыр. Бір жолақ тазартылып, жарамды көліктер қозғалысын бастады. Оқиға орнында 22 біріккен жол машинасы және 2 трактор жұмылдырылған. Қазіргі уақытта көрсетілген жол учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына қайта шектеу қойылды. Жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости