Астана маңында 95 көлік бір-біріне соқтығысқан: тағы бір видео пайда болды

Көркем Алдабергенова 09 янв. 2025 13:49 398

"ҚазАвтоЖол" Астана маңында 95 көлік бір-біріне соқтығысқан сәтінен тағы бір видео жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылғы 3 қаңтарда Астана-Петропавл автожолында 95 көліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы болған еді.

Мына бейне жазбада жүргізушілер сүйемелдеу кезінде жол жүру ережелерін ескермей, бірін-бірі басып озған сәттері көрсетілген. 

Қыс мезгілінде колоннамен қозғалғанда жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашық қатаң түрде сақталуы тиіс. Басып озуға тыйым салынады, себебі салдары авариялық жағдайларға әкелуі мүмкін.

Бейне жол-көлік оқиғасында дейін ақылы учаскелерде орналасқан камераларға түсірілді. 

Екінші бейнеде Астана-Теміртау автожолының учаскесінде ұйымдасқан колонналық қозғалыс көрсетілген. Жүргізушілер басып озбай, барлық ережелерді сақтап қозғалған.

Еске салайық, 3 қаңтарда Астана маңындағы тасжолда 95 автокөлік соқтығысты.

3 қаңтарда сағат 07:20-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Петропавл" автожолының (18-232 шақырым) учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Ауа райы жақсарғаннан кейін және жол тазартылған соң, сағат 12:30-да Щучинск қаласы бағытына қозғалыс полиция департаменті қызметкерлері мен "ҚазАвтоЖол" арнайы техникамен ұйымдастырылды.

Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамауынан сағат 13:28-де жолдың 153-шақырымында, Жанаталап ауылы маңында шамамен 95 көлік жаппай жол апатына түскен.


Рекомендовать
Последние новости