Астана әкімі Өндіріс елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Dalanews 12 мар. 2023 08:51 784



­Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Өндіріс елді мекенінің тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.









«Өндіріс елді мекенінің (Байқоңыр ауданы, Лесозавод) тұрғындарымен кездестім. Олар апатты тұрғын үйлерді бұзу, жол салу, кәріз, көпір салу, газдандыру, электрмен жабдықтау, маршруттарды іске қосу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Маңызды және күрделі мәселелердің бірі – тозығы жеткен апатты тұрғын үйлерді бұзу. Өндіріс елді мекенінде барак тәрізді үйлер бар, олар 60 жыл бұрын бұзылуы керек еді. Осыған дейін айтқанымдай, қазір мұндай үйлердің тізімін жаңартып жатырмыз. Оларды бұзу кестесін жасаймыз. Мәселен алдағы 3 жылда тозығы жеткен апатты үйлердің тұрғындары үшін 2,5-3 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жыл сайын кезекте тұрғандар үшін жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үйлер саламыз.

Газдандыру бойынша. Осыған дейін Алматы және Сарыарқа аудандарының тұрғындарына үйлерін газға қосу мүмкіндігі жасалған. Қазір Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырының құрылысы жүріп жатыр, одан кейін кварталішілік желілерді салуға кірісеміз.

Сонымен қатар қалада тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бірқатар нысанын саламыз, инженерлік желілерді жаңғырту, электр қосалқы станцияларын реконструкциялау және т.б. жұмыс жүргізіледі.

Сұрақтар көп, бәрі бірден шешілмейді. Оларды кезең-кезең бойынша шешеміз. Аудан әкімдігі орындалу мерзімі туралы хабардар етеді», — деп жазды елорда әкімі.







Рекомендовать
Последние новости