Ассамблея жетекшісі Алматы қаласындағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Dalanews 23 нояб. 2023 02:30 1242

Алматы қаласындағы «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Алматы қаласында тұратын зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға алматылық шығармашылық зиялы қауым өкілдері, белгілі жазушылар мен журналистер, еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері –мәдениетаралық және этносаралық бірлік саласындағы «Мәдениет пен өнерсаласындағы үздік жұмыстар мен шығармаларүшін» және «Әдебиет пен журналистика саласындағы үздік шығарма үшін» сыйлықтарының лауреаттары қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Айталық, биыл Республика күні қарсаңында 21 қайраткер мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту мақсатында Мемлекет басшысы белгілеген марапаттарға ие болды.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мәдениет және өнер қайраткерлері Баймұратова Нұрия, Боқыбаев Нұрбақыт, Тәти Айгүл, Молдағали Фархат, Иманғалиев Әсет, Құрманбеков Сәбит, Жазушылар Қуантаев Нұржан, Серебрянский Юрий, Махсатова Патигүл, Сарыбаев Бейбіт, журналистер Қанапьянов Бақытжан, Мыңжасарқызы Динара, Белова Надежда, Жанділдина Татьяна, сондай-ақ ақын әрі аудармашы Шашкова Любовь атсалысты.

Кездесуде Қазақстан мәдениетін дамытып, елдегі этносаралық қатынастарды нығайтудағы шығармашылықтың мән-маңызы мен атқаратын рөлі секілді бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен шығармашылық зиялы қауымның одан әрі жұмыла жұмыс жасауына қатысты түрлі ұсыныстарын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

Рекомендовать
Последние новости