Асқар Елемесов Bereke Bank Директорлары кеңесі құрамынан шығып қалды

Кәмшат Тілеухан 03 дек. 2024 16:40 837

"Bereke Bank" АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан Асқар Елемесов шығып қалды. Оның тәуелсіз директор лауазымынан өз еркімен бас тартқаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынылған ақпараттан белгілі болды.

Енді банктің директорлар кеңесі үш адамнан тұрады: Мағжан Мәдиев, Мақсат Нұриденұлы және Андрей Тимченко

2024 жылдың қазан айында Bereke Bank Директорлар кеңесі құрамынан  Ерсайын Хамитов пен Вячеслав Сонның өз еркімен кеткені хабарланған еді. Ал Асқар Елемесов 2022 жылдың маусым айында Сбербанктің сол кездегі қазақстандық еншілес компаниясының тәуелсіз директоры болып сайланған болатын. 2022 жылдың қыркүйегінде "Бәйтерек" мемлекеттік холдингі кейін Bereke Bank деп атауы өзгерген Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкінің жалғыз қожайыны атанды. Банкті холдинг "Сбербанк" ЖАҚ-тан банк қаражаты есебінен сатып алды, атап айтқанда 2021 жылғы 130 млрд теңге мөлшеріндегі дивидендтер төлемін жұмсау арқылы. Осы жағынан алғанда, бұл мақсатқа мемлекет қаражаты пайдаланылған жоқ. 2024 жылдың ақпанында катарлық Lesha Bank "Бәйтерек" ҰБХ-мен еліміздегі әлеуетті банкті сатып алу бойынша келісімге отырғаны белгілі болды. Мамыр айында келісімшарт сомасы 65 млрд теңгені құрады деп хабарланды. 2024 жылғы 8 қазанда "Бәйтерек" холдингі мен Lesha Bank LLC (Public) "Bereke Bank" АҚ акцияларының 100% сату бойынша мәмілені аяқтады.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Lesha Bank активтері 2,05 млрд АҚШ долларын, меншікті капиталы 0,35 млрд АҚШ долларын, капиталының жеткіліктілік коэффициенті 16,9%-ды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша,банк 26,5 млн доллар және 2024 жылғы 6 айда 15,5 млн доллар мөлшерінде таза пайда тапқан.  


Рекомендовать
Последние новости