Ашықтық халықтың инспекция жұмысына деген сенімін нығайтты

Dalanews 12 мая 2021 11:53 922

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ділдәбек Оразбаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қоғам және интернет-ресурстары, БАҚ арқылы белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс әдісі азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін едәуір арттырады. Жеке өзім, сондай-ақ, Инспекция басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Рахимжанов ай сайын Ашық есік күндерін өткізеді. Инспекцияда әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері азаматтарды қабылдау үшін кеңсе жұмысы ұйымдастырылады. Азаматтар кез-келген уақытта маған кіре алады. Сондай-ақ мерзімді түрде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі, сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер уақтылы беріледі. Әлеуметтік желілерде ресми парақшаларымыз бар. Инспекцияға барлығы 65 өтініш түсті. Барлық өтініш қабылданып, өңделіп және өтініш берушіге толық түсіндірмелері бар жауаптар жіберілді, – дейді инспекция басшысы.

Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша инспекциясының жұмыс жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау бойынша жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырылады. Қызметкерлер арасында құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

– 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша жұмыстар көлемінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес, ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру аясында бес жыл ішінде жалпы ауданы 40598 гектар барлығы 181,192 млн ағаш отырғызылатын болады. «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында елді мекендерді көгалдандыру бойынша «Мекенім – жасыл орманым» акциясы өткізілуде. Аталған акция бойынша қазіргі уақытта 200-ден астам волонтерлар мен оқушылармен және 1000-нан астам жұмысшылармен облыстың 114 елді мекенінің аула аумақтарында 4700 ағаш отырғызылды, – дейді Ділдәбек Оразбаев.

Эфир барысында инспекциясы басшысы қойылған сауалдарға жауап беріп, өзінің жеке байланыс нөмерін (87027779761) жария етті.

Рекомендовать
Последние новости