Әсем Нүсіпова: «Адам өмірінде татулық пен рухани келсімнің маңызы зор»

Dalanews 19 окт. 2019 06:08 766

Таяуда Шығыс Қазақстан облысында Рухани келісім күні өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен музыка және поэзия кеші болып өтті. Айтаулы шараға ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова да қатысып, раухани кешке жиналған қауымды құттықтады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізді мекендеген диаспро өкілдері 27 жылдан бері Рухани келсім күнін атап өтіп келе жатқаны белгілі. Қазақстандағы достық пен татулықтың жаршысы болған Рухани келсім күнін шығысқазақстандықтар да өз деңгейінде атап өтіп, достық пен рухани келсімнің ел өмірінде маңызды орын алатынын барынша сезінді десек артық айтқандық болмас еді.

Өскемен қаласындағы Достық үйінде ұйымдастырылған музыка және поэзия кешіне облыс аумағында жұмыс істейтін этномәдени бірлестік мүшелері мен облыстағы 12 діни конфессия өкілдері бір үйдің баласындай тегіс қатысып, ауызбіршілігін көрсетті.


Бұдан басқа рухани кешке шығармашылық ұжымдар, арадегрел мен басқарма басшылары да қатысып, қазақ, орыс тілдерінде жырларды тыңдап құлақ құрышын қандырды.

Кеш барысында Достық үйінің фоейсінде «рухани келсім – бірлікке бастайды» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылғанын айта кетуіміз керек. Көрмеге қойылған дініи экспонаттар, қасиетті кітаптар мен жазбалар, фотосуреттерден тамашалған жұрт Шығыс Қазақстанда ұлтарылық татулықтың тамыры тереңде жатқанын куә болды.

Осы ретте атылмыш көрмені ұйымдастыруға Шығыс Қазақстан облысындағы Халифа Алтай мешіті айрықша дайындалғаны байқалды. Мешіт ұжым көрмеге қасиетті Құранның қазақ, орыс, араб және француз тілінде аударылған көне нұсқаларын жұртшылық назарына ұсынды.


Бұдан басқа 18-19 ғасырларды жарық көрген «Шарх ул уйкоя», «Даляиль Аль-Хайрат» деп аталатын көне діни кітаптарды жұртшылықтың назарына ұсынды.

Рухани кеш барысында сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова көпшілік қауымды Рухани келсім күнімен құттықтап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының өзегінде береке-бірлік пен ұлтаралық келсім жатқанын атап өтті. Бұдан кейін әкімнің орынбасары өңірдегі рухани келісімге өз үлесін қосып жүрген қоғам белсенділері мен дін қызметкерлерін ШҚО әкімінің Мақтау қазғазы мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.

– Біздің облысымызды көптеген этнос пен түрлі конфессия өкілдері мекендейді. Олардың бәрі бір-бірімен тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл біздің басты байлығымыз десек болады. Бүгінгі рухани кеш – бір-біріміздің басымызды қосып, жақсы тілектер арнауға және әрқайсымызға адам өмірінде татулық пен рухани келсімнің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын есімізге салғанымен құнды болып тұр, – деп Әсем Нүсіпова көкейде жүрген ақ тілегін ақтарды. Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Әнуар Абдулин өңірдегі өзге ұлт өкілдерін осындай рухани кеш аясында басын біріктіріпі, өзара пікір алмасуына, бір-бірінің мәдени құндылықтарымен танысуға мүкіндік туғанын алға тартты.


Рекомендовать
Последние новости