Асанәлі Әшімов актрисаға 1,5 млн теңге сыйлады

Dalanews 14 мар. 2017 03:05 1010

Қазақстан Театрлары қауымдастығы Қазақстанның  халық  әртісі «Парасат», «Құрмет» ордендерінің  иегері, 100  жастағы Айша Абдуллинаның өмірі мен шығармашылығына  арналған мерейтойлық кеш өткізді. Мерейтойлық кеште А.Төкебайқызына Қазақстан театрлары ассоциациясының атынан 1 500 000 теңге ақшалай сыйлықты Қазақстанның халық артісі Асанәлі Әшімов тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл ұжым атынан және ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мен Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықованың құттықтауын жеткізіп, мерейтой иесіне шапан жапты.

– Ең бірінші 18 жасымда «Еңлік-Кебек» қойылымындағы Еңліктің бейнесін сомдадым. Бұл менің ең бірінші басты рөлім еді. Қобалжыдым, іштей қатты уайымдадым. Сол күйімді байқаған Күләш Байсейітова «Қорықпа, өзіңді еркін ұста, әрбір сөзіңді нақты айт. Сенің сөзіңді ең соңғы қатарда отырған көрермен анық еститін болсын»  деп, ақыл-кеңесін берді. Алғаш театр табалдырығын аттаған жастарға Күләш Байсейітовадай кісілердің бір ауыз жылы сөзі қанат бітіретін. Шабыттандыратын. Қазір ойлап отырсам сахнада 200-ден астам рөлде ойнаппын. Әр рөл жаныма жақын болды. Оны сенімді шығару үшін қаншама іздендім, тер төктім. Сол кейіпкер болып өмір сүрдім. «Қыз Жібекте»  Жібек болсам, «Қозы Көрпеш Баян сұлуда»  Баян болдым», «Айман  Шолпанда»  Айман, «Ер Тарғында»  Ақжүніс, тағы басқа көптеген қойылымдарда басты рөлді сомдадым. Сондай-ақ, елімізде тұңғыш рет қойылған У. Шекспирдің «Отелла» қойылымында Дездемонаны бейнеледім. Бұл екінің біріне бұйыра бермейтін бақ еді, – деп мерейтой иесі өткенді еске алды.

Рекомендовать
Последние новости