Армения билігі елден көлік алып кеткен қазақстандықтарға ескерту жасады

Dalanews 17 февр. 2020 06:58 905

Армения мемлекеттік кіріс комитеті бұл елде көлік сатып алып, осында тіркеуге қойған қазақстандықтарға салық төлеу керегін ескертті, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Комитет басшысының орынбасары Шушан Нерсисяннің айтуынша, өз міндетін дер кезінде орындамаған тұлғаларға айыппұл салынады.

Жалпы өткен жылы Арменияға шетелден 189 мың автокөлік жеткізілген екен. Олар үшін мемлекет қазынасына 146 миллион доллар мөлшерінде кеден салығы төленген.


Шушан Нерсисян қазақстандықтар сатып алған көліктерге қатысты барлық ақпаратты Нұр-Сұлтандағы әріптестеріне табыс еткенін хабарлады.

"Мүлік салығын төлеу үшін онлайн-платформасын құру бастамасы бар. Дегенмен, бұл жоба жүзеге аспаса немесе кейін іске қосылса да мүлік салығын төлеу міндеті сақталады. Арменияға көлігін тіркеуден алып тастауға келген азаматтар борышын өтемей мұны істей алмайды. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады", - дейді Армения мемлекеттік табыстар комитеті басшысының орынбасары Шушан Нерсисян.

Рекомендовать
Последние новости