Арман Шораев бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді

Көркем Алдабергенова 17 июн. 2024 13:20 4521

Белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dalanews.kz


Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасында хабарлады. Оның сөзінше, оқиға Астана қаласында болған. 


Журналист жүктеген видеода ер адам әйел адамды шашынан сүйреп, соққыға жығып, жерге қарай итеріп жібергенін көруге болады. Козачковтың сөзінше, оқиға орнына келген полицейлер видеодағы ер адам - Арман Шораев екенін айтқан. Dalanews.kz тілшісі полиция департаментінен ресми жауапты күтіп отыр. 

Михаил Козачковтың сөзінше, соққы жеген әйел арыз жазудан бас тартқан. 

Арман Шораевтың өзі әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген. 


Рекомендовать
Последние новости