Арыстық кәсіпкер кетчуп пен томат сусындарын шығармақ

Dalanews 24 мая 2017 14:32 949

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен Елбасы Жолдауынан туындаған  міндеттердің Арыс қаласында  жүзеге  асырылуын баяндаған Арыс қаласының әкімі  Мұрат Қадырбек мәлім етті.

Жаңа индустрияландыруды өркендету бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған әкім 2015-2017 жылдарға арналған  Арыс қаласы бойынша индустриаландыру бағдарламасы аясында 5 жоба мақұлданғанын жеткізді.

Яғни осы жылдар ішінде жалпы құны 51,6 млрд. теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 133 жаңа жұмыс орны құрылған. Сонымен қоса, биылғы жылы қалада құны 376 млн. теңгені құрайтын газабетон блоктарын шығаратын кіші зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда жаңа 30 жұмыс орны ашылатын болады.

«Ал 2017-2019 жылдарға арналған индустриаландыру картасы шеңберінде 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар «Қостүйін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрама жем шығаратын кіші зауыт құрылысы. Жалпы құны 132 млн. теңге. Екінші жоба жалпы құны 40 млн. теңге болатын  түйе сүтін (шұбат) пластикалық ыдысқа құятын цехы. Ал үшінші «Жаңа Ақдала» ЖШС-нің қосымша томат концентратынан дайын өнімдер, кетчуп, томат сусындарын шығаратын цехты іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаның жалпы құны 70 млн. теңге. Осының нәтижесінде 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», − деді әкім.

Айта кетейік, Ақдала ауылдық округінде орналасқан «Агрофирма «Жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016 жылы тамшылатып суғару әдісімен 300 га жерге қызанақ егіп, 9 мың тонна қызанақ алған. Жиналған өнімнен 975 тонна концентрат томат пастасы шығарылды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости