Ардагерлер тегін жолдама алды

Dalanews 28 нояб. 2015 02:28 921

Ұлы жеңістің 70-жылдығына орай «Болашақ» қауымдастығы мен «Алматы-Resort» шипажайы бірлесе отырып, 15  ҰОС ардагеріне және еңбек майданының қатысушыларына онкүндік шипажай жолдамасын табыстады. Аталмыш шара 2012 жылдан бері іске асып келе жатқан «9М» жобасының аясында 2015 жылдың ақпан айынан бастап қараша айына дейін ұйымдастырылған болатын.


Ардагерлердің айтуынша, бұл олардың жеңістің 70-жылдығына орай алған  сыйлықтардың арасындағы ең кереметі және ең пайдалысы екен. Олар жобаны ұйымдастырушыларға, оның ішінде «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі – Қанат Төсекбаев мырзаға және де шипажайдың қазіргі  президенті Талғат Тұңғышбаевқа жоғары санатты дәрігерлерден алған реабилитациялық көмек денсаулықтарының оңалуына оң әсер еткенін айтып, алғыстарын білдірді.


«9М» жобасы 2012 жылы «Болашақ» қауымдастығы ҰОС ардагерлерінің ерліктерін насихаттау және үлгі ету мақсатында ұйымдастырған жоба. Әр жыл сайын жоба аясында ҰОС ардагерлеріне және еңбек майданының қатысушыларына, әсіресе жалғызбасты, мұқтаж жандарға материалдық және медициналық көмектер көрсетіліп отырады. «9М» жобасын әрдайым стипендиаттар мен белсенді жастар қолдап отырады.


Нұрлан ӘУБӘКІР

Рекомендовать
Последние новости