Ақтөбенің екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қаракөз Амантай 08 февр. 2024 14:18 1794

Ақтөбенің Әйтеке би және Хромтау аудандарында жергілікті деңгейде табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ақтөбе облысында жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Оған төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің басшылары, қала әкімі қатысты. Сонымен бірге 12 ауданның әкімі онлайн қосылды.

- Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Жиын қорытындысы бойынша бүгінгі күні күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі ауданның әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария ету тиіс,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, облыс бойынша қазіргі кезде шамамен 2 мыңға жуық абонент жарықсыз отыр. 


Рекомендовать
Последние новости