Алматыдағы лай көшкіні жүрген жерден тағы үш адам өлі табылды

Сағыныш Сардарова 08 февр. 2024 12:59 5225

Алматыдағы лай көшкіні жүрген жерден тағы үш адам өлі табылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ТЖД өкілдері мәлімдеді.

"Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жігіттің мәйіттерін тауып, алып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 8 ақпанда сағат 02-20-да "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрген.

Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 техника жұмыс істеп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости