Ақтөбе қаласындағы бірнеше ғимаратты қазір полиция қызметкерлері күзетіп тұр. Мәселен, 5 маусым күні лаңкестік топ шабуыл жасаған «Пантера» қару-жарақ дүкені бүгін жабылды. Жол-патрульдік полициясы арнайы күзетті күшейтті. Мұнда суретке, бейнекамераға түсіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті мен қалалық ішкі істер басқармасы орналасқан Жанқожа батыр көшесіндегі көлік қозғалысы шектелді. Көшенің екі басына полиция қызметкерлері күзетке қойылған. Қоғамдық көліктердің жол қозғалысы өзгерді.
- DALA INSIDE-қа өту
- USD 527.5
- EUR 548
- RUB 5.17