Ақтаулық кәсіпкер қияр өсіріп, күніне жарты тонна өнімін саудалауда

Dalanews 18 февр. 2021 03:07 896

Ақтаулық кәсіпкер Саламат Байсырымов жергілікті халықтың 30%-ын жаңа піскен көк-өніспен қамтып отыр. Ол алдағы уақытта күніне 5 мың тоннаға дейін қияр өсіруді жоспарлауда, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аумағы 2 гектарды қамтитын жылыжай биыл алғашқы өнімін берген. Наурыз айында жылыжайдағы қияр көшеттері толық өсіп жетілген кезде кәсіпкер күніне 3000 келіге дейін өнім алатын болады.

– 1 гектар жерге 23 мың түп қияр егілген. Мамандар тамшылата суару әдісін қолданады. Қысы-жазы 17-20 градус жылы температура сақтау керек. Жылыжайда ТМД елдеріне кең тараған қиярдың «Кураж», «Мамлюк» тұқымы егілген. Тұқым себілгеннен кейін, қыста 50 күнде, жазда 40 күнде алғашқы өнім шығады. Дайын өнімді көтерме бағамен «Мағаш» базарында, қаладағы 5-6 дүкенде және «Асар-с» базарында саудалаймыз, – дейді кәсіпкер Саламат Байсырымов.


Жаңа жоба 15  тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Рекомендовать
Последние новости