Ақтауда тағы бір оқушы жасөспірімдер арасында тараған қауіпті ойыннан кейін талып қалды

Қаракөз Амантай 20 мая 2025 10:20

Ақтауда 12 жастағы оқушы балалар алаңында есінен танып қалды. Бұл – жасөспірімдер арасында “собачий кайф” деген атаумен тараған қауіпті ойынның салдары. Бала жерге құлап, басын қатты соғып алған. Куәгерлердің айтуынша, оның денесі тырысып, біраз уақыт есін жия алмай жатқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Lada.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, жедел жәрдем келген соң, оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған ми шайқалу диагнозын қойды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Айта кетейік, мұндай жағдай Ақтауда бұған дейін де болған. Сәуір айының соңында 7-сынып оқушысы дәл осы ойынды ойнап, мектептің дәретханасында есінен танып қалған еді.


Рекомендовать
Последние новости