Ақтау әуежайында екі шетелдіктің асқазанынан екі келі есірткі табылды

Қаракөз Амантай 08 февр. 2024 11:46 3531

Ақтау әуежайында екі шетелдіктің асқазанынан 300-ге жуық контейнер есірткі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі тасымалдайтын "жұтқыштар" деп аталатын контрабандалық арнаның жолын кесті. 24 қаңтарда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылары екі шетелдік азаматты ұстады. Олар есірткі тасымалдады деген күдікке ілінді. Сәйкесінше жолаушылардың құрсақ қуысын рентгенге түсіру барысында бөгде заттардың бар екені анықталды. Арнайы медициналық процедуралар арқылы шетелдіктердің асқазанынан апиын тобындағы есірткі заттары бар 295 контейнер шығарылды», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінінің хабарламасында.

Атап өткендей, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 2 келіден асты.

«Сот шешімімен сотталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы енгізілді», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 4-бөлігі (Айналымнан шығарылған немесе айналымы шектелген заттарды заңсыз алып өту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Рекомендовать
Последние новости