Ақша ұрлаған: "ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы төрағасы сот алдында жауап береді

Көркем Алдабергенова 04 сент. 2024 11:21 2320

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Асқар Мұратұлы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа берілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 
 
Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.

Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты.

Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.


Рекомендовать
Последние новости