Ақорда: "Президенттің денсаулығына қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ"

Dalanews 12 окт. 2016 08:39 698




Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі аккаунтында Мемлекет басшысының денсаулығына қатысты мәлімет таратты.



Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Ақорданың әлеуметтікм желісіндегі парақшасына Нұрсұлтан Назарбаев салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты ем қабылдап жатқанын жеткізді.
«Жалпы, денсаулығына қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ», - деп жазды ол.

«Жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қатысады. Президенттің жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады», - деп толықтырды А.Үкібай.

Рекомендовать
Последние новости