АӨК-дегі субсидиялардың арқасында техниканы жаңарту қарқыны 2,8 есе артты

Қаракөз Амантай 11 дек. 2024 17:12 566

Бүгін Мәжілістің Пленарлық отырысында Жоғары аудиторлық палатаның ауыл шаруашылығындағы субсидиялау жүйесін тексеру нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

АӨК-дегі субсидиялаудың тиімділігін келесі көрсеткіштер дәлелдейді: өсімдік шаруашылығы саласында субсидия алушылар 2023 жылы әр гектардан 18,5 центнер өнім алды, бұл ел бойынша орташа өнімділік көрсеткішінен (10 ц/га) жоғары. 2024 жылы бұл көрсеткіш 25-30 центнерге жетіп, республикалық орташа деңгейден асып түсті.

Құс және мал шаруашылығы салаларында да өндіріс көлемінің тұрақты өсуі байқалуда. Соңғы 5 жылда құс шаруашылығының етпен қамтамасызету деңгейі 55%-дан 73%-ға дейін өсті. Тек 2022-2023 жылдары өндіріс көлемінің өсімі 16% болды. Бұлөте жақсы көрсеткіштер. Мысалы, «Айтас» холдингі 5 жыл ішінде өндіріс көлемін 5,5 есеге арттырып, жылына 160 мың тонна өнімге жетті. Ал «Әулие Ата Феникс» ЖШС өндіріс көлемін 3 жылда екі есеге ұлғайтып, 5 мыңтоннадан 10 мың тоннаға дейін жеткізді.

Сүт өндірісінде заманауи СТФ-нда орташа сүт сауымы бір сиырға жылына 7800 литрді құрады, ал көшбасшылар 11 мың литрден өнім алып, әлемдік стандарттарға сай көрсеткішке жетті. 2021 жылыауыл шаруашылығы құрылымдарындағы орташа сауым көлемі жылына 4400 литр болған еді.

Салыстырмалы түрде алсақ, 2014 жылы техниканыжаңарту деңгейі жылына бар болғаны 2%-ды құрап, 5 мың бірлік техника сатып алынған. Ал қазіргіуақытта бұл көрсеткіш 5,5%-ға жетіп, аграршылар жылына 22 мың бірлік заманауи техника сатыпалуда.

Ауыл шаруашылығы саласында 14 бағыт бойынша субсидиялау жүргізіледі. 90 мың тіркелген пайдаланушы бар және жыл сайын 224 мың өтінімтүседі. Мұндай көлемді ескере отырып, қателіктермен олқылықтар болуы мүмкін. Дегенмен аудит нәтижесінде 943 млрд теңге қамтылған сомаға шаққанда 0,2%-ды құрайтын 2 млрд теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Бұл жүйенің жалпы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарық10 тауарлық позиция бойынша 100%-дан астамқамтамасыз етілген, оның ішінде: бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қойеті, сиыр еті және сәбіз.

14 азық-түлік тауары бойынша қамтамасыз етудеңгейі 80%-дан жоғары, олардың қатарында: тауық жұмыртқасы, қияр, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, шошқаеті, пияз, қызылша, қышқыл сүт өнімдері, сары май және алма бар.

2024 жылы субсидиялаудың тиімділігін арттыруүшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар шара қабылдады. 2024 жылы 450 млрд теңгесубсидияның 50%-ы қаржы құралдарына, негізінен несие мен лизингтің пайыздық мөлшерлемесін арзандатуға бағытталмақ. Оның соңғы алушыларыекінші деңгейлі банктер мен қаржы институттары. Өзгерістер енгізіліп, фермерлер таза 5% мөлшерлемемен арзандатылған несие алатынболды.

Бұл тәжірибе мал шаруашылығы, өңдеусалаларының айналым қаражатына және инвестициялық мақсаттарға ұзақ мерзімді қаржыбөлу үшін жалғастырылатын болады. Негізгіміндетсаланы ресурстармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінөндірушілердің жалпы өнім көлемін арттырутүрінде қарсы міндеттемелер енгізілді. Министрліктексеру нәтижелері бойынша барлық деректер мен ұсыныстарды назарға алды.


Рекомендовать
Последние новости