Америкалықтар асырап алған тағы бір қазақ баласы әке-шешесін іздеуде

Dalanews 27 июл. 2020 05:18 930

Америкалық Пол Сардар Бабкок әлеуметтік желілер арқылы Қазақстандағы туыстарын іздейді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жас жігіт өзінің жайын Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасында бөлісті.

Оның айтуынша, ол 2000 жылы Тараздан асырап алынан.
"Мен 1999 жылдың қыркүйегінде дүниеге келдім. Егер менің отбасымды табуға біреу көмектесе алса, жақсы бола еді, менің қолымда жазба мен бір заттар бар, қайсысынан бастарымды білмей отырмын .... Менің қазақша аты-жөнім - Сардар Бекнұрұлы Баймаханов. Менің шешемнің есімі - Қалмаханбетқызы Эльмира. Әкемнің аты-жөні - Бекнұр Баймаханов", - деп жазды ол.

Айта кетсек, алдында ШҚО-дан америкалық отбасы асырап алған бір жігіт пен қыз ата-анасын осы желі арқылы іздеп, ақыры туған-туыстарымен қауышқан еді.

Рекомендовать
Последние новости