Амандық Баталов: "Газға қосылу халықтың қалтасына салмақ салмауы керек"

Dalanews 19 февр. 2020 10:44 838

Бүгінгі таңда Талдықорғанда 9 мыңнан астам абонент газға қосылған.

"Қазіргі уақытта Алматы облысының 12 ауданында және үш қаласында үйлерді газбен қамту жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл - тек бастамасы ғана", деп мәлімдеді облыс әкімі Амандық Баталов халықпен қорытынды есеп беру кездесуінде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыста 144 елді-мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілді, ал газдандыру деңгейі 30,4% құрайды.

Табиғи газдың пайда болуымен Алматы облысы тұрғындарының өмірі сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Бірақ мен аймақтарға барған кезде адамдар газға қосылу бағасының қымбаттығына наразылық білдіреді. Аудан әкімдері инвесторларды тартуда нашар жұмыс істейді. Кәсіпкерлерді көбірек тартып, бәсекелестік орната отырып, желіге қосу жұмыстарының құнын төмендету қажет. Жұмыс нәтижесін халық сезінуі керек, - деді Амандық Баталов өз сөзінде.


Бүгінгі таңда Талдықорғанда 9 мыңнан астам абонент газға қосылған. Текелі қаласына газ құбыры тартылды және Үштөбе, Сарыөзек, Бақанас қалаларына газбен жабдықтау агрегаттары салынды.

Биыл Текелі қаласында және Ескелді, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ және Көксу аудандарының 91 елді-мекенінде ауыларалық желілердің құрылысы қолға алынады.
Қазіргі уақытта 97 елді-мекенді қамтитын "Талдықорған-Үшарал" және "Шелек-Кеген" газ құбырлары магистарыл құрылысының жобасы жасалуда.

Осы істердің барлығы атқарғанда 1,2 миллион адам немесе халықтың 56 пайызы көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Рекомендовать
Последние новости