Әлия Назарбаевамен рейдерлік жасады деген Валентина Рогованың күйеуі мәлімдеме жасады

Көркем Алдабергенова 06 мар. 2024 16:37 4017

Экс президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен бірге құны 179 миллион доллар кәсіпті басып алды деген күдікке ілінген Валентина Рогованың күйеуі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Айта кетейік, жақында Әлия Назарбаева мен Конституциялық Кеңестің бұрынғы басшысы Валентина Роговаға "рейдерлік шабуыл жасады" деген айып тағылған болатын. Рогованың күйеуі Игорь Рогов Exclusive.kz басылымына пікір білдіріп, бұл іске қатысты мәлімдеме жасаған. Оның сөзінше, әйелі Валентина 2003 жылы Әлия Назарбаеваға тиесілі ұйымда кеңес беру қызметтерін көрсетіп, заңгер болып жұмыс істеген. Ол кездері әйелі елде танымал адвокаттардың бірі болған көрінеді.

"Ол бірнеше процесті сәтті аяқтаған. Өз жұмысын кәсіби тұрғыда адал атқаратын", - дейді Игорь Рогов.

Оның сөзінше, әйелі кәсіпкер Нұрлан Бимурзинның Әлия Назарбаева мен Валентина Роговаға қатысты айтқандарын жоққа шығарып отыр.

"Ондай келісімдердің бәрі нотариус арқылы өтеді. Сәйкесінше құжаттардың заңдылығы заң кеңесшісімен емес, нотариус арқылы шешілуі керек. Оның (Валентина Рогованың) мұндай құжаттарға қол қоюына құзыры болмады. Сондықтан "Валентина Рогова Әлия Назарбаевамен рейдерлік шабуыл жасады" деген БАҚ беттері мен әлеуметтік желіде тарап  жатқан ақпарат жалған деп санаймын", - дейді Игорь Рогов.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева мен Конституциялық Кеңестің бұрынғы басшысы Валентина Роговаға "рейдерлік шабуыл жасады" деген айып тағылған болатын. 

"2003 жылы (Назарбаева – ҚазТАГ) өз үстемдігін пайдалана отырып, құны 170 миллион долларды құрайтын (2003 жылғы есеп бойынша) жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетінен тұратын кәсіпорынды қолды еткен. Ал бұрынғы иелерін "түрмеге қамап, дене жарақатын саламын" деп қорқытқан. Тіпті тапа тал түсте кәсіп иелерінің бірінің әкесін ашық түрде ұрлап әкеткен. Бұл өзінің ықпалын көрсету үшін жасалған әрекет.

Куәгерлердің айтуынша, адам ұрлауға құқық қорғау органдарының қатысы болуы мүмкін. Қылмысқа сыбайлас қатысушы Валентина Рогова болған.

Ол - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Президенттің көмекшісі, Президенттің кеңесшісі және басқа да көптеген мемлекеттік қызметтерді атқарған Игорь Иванович Роговтың әйелі", - делінген Ұлттық баспасөз клубының хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости