Әлия Назарбаевамен байланысты компания утилизация алымын жинау құқығынан айырылды

Dalanews 19 янв. 2022 10:05 887

"Оператор РОП" компаниясы утилизация алымын жинау құқығынан айырылды. Бұл жөнінде 19 қаңтарда үкімет сайты хабарлады.

"Оператор РОП" компаниясының "утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді" делінген хабарламада.

Компанияның міндетін енді мемлекеттік "Жасыл даму" АҚ атқарады.

11 қаңтарда Қазақстанның қазіргі президенті утилизация алымын жинайтын "Оператор РОП" компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырған. Бұл компанияның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлия Назарбаеваға қатысы бары айтылады. Бұған дейін билік утилизация алымын жинайтын "Оператор РОП" компаниясына кейінгі бес жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін айтқан.

Елде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі әлсіреп, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ықпалы артты деген болжам күшейген тұста экс-президенттің жақындары бірінен соң бірі қызметтерінен айырылып, елден кеткені жайлы ақпараттар жиі шығып жатыр.

Рекомендовать
Последние новости