Алимент төлемей келген қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 18 июн. 2024 18:04 1560

Ақмола облысында 2019 жылдан бері қарызы 5 миллион теңгеден асқан қазақстандыққа сот үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтыруын жалғастырған.

"Осыған байланысты, оған қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сот 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындады", - делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости