Алимент алушылар енді банктен арнайы шот ашуы керек болады

Кәмшат Тілеухан 22 янв. 2025 16:24 319

Ұлттық банк клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына және ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізетін қаулы жобасын әзірледі, деп жазады Dalanews.kz.

ҚР резиденттері жеке тұлғалар - алимент алушыларға (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алименттерді есепке жатқызуға арналған банктік шотты ашу кезінде клиент банкке мыналарды ұсынуы тиіс:

  1. алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
  2. ағымдағы шоттың мақсаты қамтылған өтінішті;
  3. алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесін

Егер есептелетін ақша сомасы алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаға) байланысты емес болған және (немесе) төлем белгілеудің кодтық белгісі алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін бөлінген төлем белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келмеген жағдайда, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеген банк бенефициар оны аударудан бас тартатыны ескертіледі.

Қаулы жобасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды іске асыру үшін алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған жеке банктік шотты ашуға бағытталған банктердің банктік қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегін өндіріп алудан қаражатты қорғау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге өзгертуді көздейтіні нақтыланады.

Құжат қоғамдық талқы мақсатында "Ашық НҚА" сайтына 5 ақпанға дейін орналастырылды.

Бұған дейін Қазақстанда екі банк ықтиярхаты жоқ шетелдіктерге карталар беруді уақытша доғарғаны хабарланған.


Рекомендовать
Последние новости